Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанның Әуе қорғанысы Израиль мен Қытайдың пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалануда
15:13 / 2022-07-19

Қазақстанның Әуе қорғанысы Израиль мен Қытайдың пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалануда.

«ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігі аппарат басшысының міндетін уақытша атқарушы редакцияға жолдаған сауалына ведомство елдің Әуе қорғаныс күштері пилотсыз ұшу аппараттарының қатарын түркиялық құрылғымен толықтармақшы екенін айтқан.

«Биыл еліміздің Әуе қорғанысы күштеріне түріктің «Аnka» барлау және соққы беруші аппаратын жеткізу жоспарланған. Жалпы еліміздің Қарулы Күштерінде әр түрлі мақсаттағы ҰҰА бар. Атап айтқанда израильдің «Skylark-1», қытайдың «Wing Loong» құрылғылары қолданылады», - деп жазылған ресми жауапта.

Алайда аталған қондырғылардың нақты саны құпия дерек болып есептеледі. 

«Қолданыстағы ұшқышсыз ұшатын аппараттардың нақты саны жөніндегі ақпарат таратылуы шектеулі мәлімет болып саналады», -делінген министрліктің жауабында.