Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Өзбекстан басшысын құттықтады
17:08 / 2024-07-24

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев 24 шілде күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық және толағай табыстар тіледі.

Сұхбат барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастардың қазіргі деңгейі жоғары бағаланды.