English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Өзбекстан басшысын құттықтады
19:12 / 2022-07-24

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24 шілде күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Шавкат Мирзияевты туған күнімен құттықтап, бауырлас Өзбекстан халқына бейбітшілік, бақ-береке, өркендеу тіледі.

Әңгімелесу барысында елдеріміз арасындағы көп қырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар тұрақты нығайып келе жатқаны атап өтілді.

Аймақтағы жағдайдың дамуы жөнінде пікір алмасылды. Осы жылдың 20-21 шілдесінде Қырғызстанда өткен Орталық Азия елдері басшыларының кезекті Консультативтік кездесуінің нәтижелері жоғары бағаланды.