English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанның телефон коды +997-ге өзгереді
13:48 / 2021-09-21

Қазақстанда жаңа +997 нөмірлі дэф код белгіленді. Ендігі уақытта сыртқа қоңырау шалғанда шетелдіктер телефонында «Қазақстан» деп шығып тұрады.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті

«Жақсы жаңалық! БҰҰ жанындағы халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады» , - деп жазған Бағдат Мусин «Facebook» парақшасында.

Министрдің айтуынша, кезінде КСРО тарағанда, +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген.

«Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен  бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды резервке қойылды! Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр», делінген министр жазбасында.