Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанның Қостанай облысында 9 400 гектар аумақ өртке оранды
22:54 / 2022-09-03

Қазақстанның Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданында 9 400 гектар аумақ өртке оранды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, қазіргі таңда Аманқарағай елді мекенінде тұрғындар тұрып жатқан жерлерге өрт тарап, барлық күштер сонда жұмылдырылған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин агенттікке оқиға жайлы былай мәлімдеген:«Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай әсіресе Аманқарағай елді мекенінде күрделі. Онда 60 үй өртенген, қазіргі таңда оларды сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Өрт жоғары жақтан тарап, адамдар тұрып жатқан аймақты жалын шарпыған. Қазір өрт сөндіріліп жатыр. Сондай-ақ орманның өртенген жерлеріне жақын тұратын Лесное ауылында 60 үй бар. Ауылдан адамдарды көшіріп жатырмыз».

Басылым дерегінше Аманқарағай ауылындағы тұрғын үйлерден 1000 адам эвакуацияланған. Эвакуацияланған адамдар Әулиекөл орта мектебі мен мектеп-интернатына орналастырылып жатыр. Оларға тамақ беріледі.

Өртенген аумақтың көлемі 9 400 гектарды құраған.