Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанның Қорғаныс министрі бастаған делегация Өзбекстанға келді
18:43 / 2023-05-18

Бүгін, 18 мамырда Өзбекстан Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бахадир Қурбанов ресми сапармен келген Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған делегацияны қабылдады.

Құрметті қарауылдың қатысуымен ресми қарсы алу шарасы өтіп, әскери оркестрдің орындауында екі елдің әнұраны шырқалды.

Қорғаныс министрлігінің Орталық аппаратында өткен екіжақты ынтымақтастық кездесуінде генерал-лейтенант Бахадир Қурбанов қазақстандық әріптесін Өзбекстанға сапарымен құттықтап, екі ел арасында тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан достық әскери қарым-қатынас дамып келе жатқанын атап өтті. 

Сондай-ақ Өзбекстан Қорғаныс министрі достық қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтеріп, одақтық байланыстар нығайып келе жатқанын айтты.

Екі елдің қорғаныс министрлері әскери саладағы жетістіктер мен алдағы уақытта жүзеге асыруға жоспарланған мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыру бойынша перспективалық ұсыныстар жасады.

Кездесуден кейін Қазақстан Республикасының әскери делегациясы Өзбекстан Қорғаныс министрінің қатысуымен «Жеңіс бағын» аралап, «Матонат мадхияси»(Ерлік Гимн) мемориалдық кешеніне гүл шоғын қойды және осындағы мұражайыдың жұмысымен танысты, делінген Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаменті хабарында.

ӨзА