Қазақстанның көпшілік өңірі «қызыл» аймақта
2021 жылғы 21 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды7
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұрғаны, айтылады хабарламада.
Coronavirus2020.kz сайтының хабарлауынша, өткен тәулікте Қазақстанда 5179 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болған. Қазіргі уақытта елдегі жалпы аурулар саны 504290, сауыққандар қатары 436 523, өлім саны 5116 кісіні құрауда.