Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанның газ қоры 100 жылға жетеді
10:47 / 2023-02-25

Қазақстанның газ қоры 100 жылға жететіні мәімденді.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының маркетинг жөніндегі орынбасары Арман Қасеновтың сөзінше Қазақстанда газ қоры жеткілікті. 

«Қазақстанда газ қоры жеткілікті, яғни 3,8 трлн текше метр шамасында. Егер тауарлық газды тұтыну шамамен 25 млрд текше метр екенін ескерсек, газ қоры 100 жылға артығымен жететінін есептеуге болады», - деген А. Қасенов Астанада өткен қоғамдық кеңес жиынынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазіргі кезде газ өңдеу іс-қимылдарын ынталандыруға мән беру керек.

«Бүгін біз қоғамдық кеңесте өңдеу мәселесін талқылап, ішкі нарықтағы шығынымызды көрсеттік. Жалпы, жер қойнауын пайдаланушыларға газ үшін әділ баға ұсынуымыз керек. Осы орайда, олар шикі газды өңдеудің тиісті көлемін шығара алмай жатыр», - деген QazaqGaz өкілі.