Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі 12 жылға сотталды
Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды.
«М. Бектанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 24.02.2023 жылғы үкімімен сотталды. Оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - делінген «ҚазАқпарат» агенттігі хабарында.
Аталған қылмыстық істің «құпия» түрде қаралуына байланысты сот толық ақпарат бермеген.
Еске салайық, былтыр 21 ақпанда Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.