Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңа карантиндік шектеулер енгізілді
11:54 / 2020-11-09

Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасының бірқатар өңірінде жаңа карантиндік шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Онда айтылуынша, 9 қарашадан бастап Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында карантин шаралары күшейтілді. 

Атап айтқанда, Петропавл қаласының периметрі бойынша 5 елді-мекенге блокпост қойылды. Қостанай облысында да карантин шаралары қайта күшейді. Бүгін өңірде 12 санитарлық бекет орнатылды. 

Осыған байланысты covid-19 ауруының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында облыстық жедел штаб 9 қарашадан бастап 2 апта мерзімге карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады. 9 қараша сағат 00.00-ден бастап өңірде 12 санитарлық бекет жұмысын бастады. 

Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 6 қарашадағы №13 қаулысына сәйкес 9 қарашадан бастап Павлодар қаласына адамдар себепсіз кіре алмайды. 

Қаулыға сәйкес Павлодар қаласына кіре берісте блокпостар қойылып, бірқатар ұйымдардың жұмыс уақыты қысқарады.