Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанның Ақтау теңіз сауда порты халықаралық мәртебеге ие болды
16:50 / 2023-09-25

Қазақстанның Ақтау теңіз сауда портына халықаралық мәртебе берілді.

ҚазАқпарат мәліметінше, ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін беру туралы» Үкімет қаулысына қол қойған.

«Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесі берілсін. Қазақстан Республикасы Көлік, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», - делінген Премьер-Министр қол қойған қаулыда.

Құжат қол қойған күннен, яғни 21 қыркүйектен бастап күшіне енген.

Аталған бастама Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін дамыту мақсатында қолға алынды.

«Жоба Мемлекет басшысының жаңа геосаяси жағдайларда Қазақстан Республикасының көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселесі туралы 2022 жылғы 5 шілдедегі кеңестің қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес әзірленген. Осы жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді», - деп түсіндірме берілген қаулыға.