Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстаннан Еуропалық Одаққа ұшуға қойылған шектеулер алынып тасталды
10:42 / 2024-06-01

Еуропалық комиссия қауіпсіздік шаралары бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің әрекетіне оң баға берді.

KAZINFORM дерегінше, биылғы жылдың 15 мамырында Еуропалық Одақтың 27 елінің авиациялық билік өкілдерінің қатысуымен Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитетінің отырысы өтті.

Комитет отырысы барысында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған Қазақстанның авиациялық билік делегациясы елдегі ұшу қауіпсіздігі жөніндегі істердің ағымдағы жай-күйі туралы тыңдады.

«Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен комитет отырысы барысында қазақстандық делегация бұрын нықталған ескертулерді жою бойынша қолданылған шараларды ұсынды, оларды Еуропалық комиссия оң бағалады.

ЕО-ға мүше 27 мемлекет қабылдаған комитет отырысының шешіміне сәйкес, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі прогресті ескере отырып, Қазақстан мен қазақстандық тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеулер алынып тасталды», делінген хабарламада.

2024 жылғы 30 мамырдағы хатында ЕК-нің ұтқырлық және көлік жөніндегі бас директоратының авиация департаментінің директоры Филип Корнелис «Еуропалық комиссия Қазақстан қызметінің күшейтілген мониторингін тоқтату туралы шешім қабылдады» деп атап өткен.

Комитеттің бұл отырысының алдында 2009 жылдан бері жүргізілген көптеген жұмыстар, сондай-ақ ЕО сарапшыларымен 2024 жылғы ақпанда сәтті жүзеге асырылған Қазақстанның авиациялық билігінің ұшу қауіпсіздігі жүйесінің жұмысына техникалық бағалау жүргізілген.

Айта кетсек, 2022 жылы Қазақстан әуе компанияларының Еуропалық комиссияның қара тізіміне ену қаупі жоғары болған.