Өзбекстан мен Қазақстан – ең жақын көршілер және уақыт сынынан өткен стратегиялық серіктестер. Соңғы жылдары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа дәуірі басталып, саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді.
Сенаттың жалпы отырысында мақұлданған «Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы одақтық қатынастар туралы келісімді ратификациялау туралы» заң өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға қызмет етеді.

Келісім сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, көші-қон, өндірістік кооперацияны дамыту, трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша бірлескен шаралар қабылдау, парламенттер, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту салаларында тығыз ынтымақтастықты көздейді.
Келісімді ратификациялау екі халықтың рухани-мәдени жақындығын қолдауға, мәдениет, ғылым, білім және спорт салаларындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қызмет етеді.
Шарттың қосымшасында Мемлекет басшылары басқаратын Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесі туралы жарғы көрсетілген.