Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанға сырттан жұмыртқа әкелуге алты айға тыйым салынды
17:51 / 2025-04-09

Қазақстан Республикасының аумағына сырттан тауық жұмыртқасын әкелуге алты айға тыйым салынды.

KAZINFORM дерегінше, бұл туралы ел Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлаған. Жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізіліп отыр. 

«Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 101 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (СЭҚ ТН: 040721) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынды, делінген хабарламада.

Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.