Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанға Starlink жүйесінің алғашқы партиясы жеткізілді
10:47 / 2024-02-26

Илон Масктың Starlink жүйесінің алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді

KAZINFORM хабарлауынша, бұл туралы ҚР Цифрлық даму, иннвоациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Telegram каналында мәлімдеген: «Starlink жабдығының алғашқы партиясы Қазақстанға келді. 500 дана!».

«Алматыға жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін келдім. Келесі аптада Түркістан және Ақмола облыстарындағы Starlink жүйесін орнатуға толық дайын мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады. Аталған облыстардың әкімдіктері дайындық жұмыстарын жақсы жүргізді. Қалған өңірлерге 10 күннен кейін жеткізіле бастайды. Барлығы 20 күн ішінде 2000 жинақ келеді, олар елдегі 2000 шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді»,-деп жазған министр.