Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанға ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
00:32 / 2021-02-01

Қазақстанға Ресейдің Николай Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 1 ақпаннан Қазақстанда «Спутник V» екпесімен еркіті түрде вакцинациялау науқаны басталады.

Осыған дейінгі жасалған келісім негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясын жеткізген.

Жалпы, ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда - 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозаны жеткізетін болады.

Сондай-ақ, сәуір айынан бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасы салынады деп жоспарлануда,  ай сайын оның көлемі 500 мың дозаға көбейеді, делінген хабарламада. 

Ондағы дерекке сай, елдегі вакцина егу процесіне 2 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылған болып, вакцина бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары - медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметкерлер және т. б. салынады.