Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы әкелінді
09:29 / 2021-11-11

Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша, ДДҰ мақұлдаған Covid-19 вирусына қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн дозасы сатып алынған.

Comirnaty-американдық Pfizer компаниясы мен германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады.

Жеткізілген дозалар ҚР халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл - Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина.

Алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында халықты вакцинация үшін мынадай вакциналар қолданылды: «QazVac», «Спутник V», «Hayat-Vax», «Соронавак», «Sinopharm».