Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанға баратын өзбекстандықтардың уақытша тіркеусіз тұру мерзімі ұзаруы мүмкін
15:47 / 2022-11-30

Өзбекстан азаматтарының Қазақстанға барғаннан кейін уақытша тіркеусіз тұру мерзімі ұзартылмақ.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі ашық талқыға шығарған келісім құжатында жазылған.

«Екі елдің ұлттық паспорт иелері болып табылатын азаматтары екінші мемлекетінің аумағына 30 тәулікке дейін, уақытша тіркеусіз келеді және оның аумағында бола алады. Дегенмен азаматтар уәкілетті органдарға өзінің келгені туралы хабарлама беруі тиіс.

Болу уақытын 30 тәуліктен асатын мерзімге ұзартуды тараптар мемлекеттерінің заңдарына сәйкес ішкі істер органдары мемлекеттен шықпай алты ай мерзімге жүзеге асырады», - деп көрсетілген келісім құжатында.

Қазіргі қолданыстағы талап бойынша Өзбекстан азаматтары Қазақстанға 5 тәулікке уақытша тіркеусіз бара алады. Енді оның мерзімін 25 күнге ұзартып, жалпы 30 тәулік етіп бекіту ұсынылып отыр.

Келісімге сәйкес, Өзбекстан азаматтарынан Қазақстан аумағына барарда сұралатын құжаттар:

- Өзбекстан Республикасының биометрикалық дипломаттық паспорты;

- Өзбекстан Республикасы азаматының биометрикалық паспорты (шетелге шығу паспорты);

- Өзбекстан Республикасы азаматының биометрикалық емес үлгідегі паспорты;

- Өзбекстан Республикасына оралу үшін сертификат (Өзбекстан Республикасына оралу үшін ғана);

- Әуе кемесінің экипажы мүшесінің куәлігі (экипаждың құрамында жүруі кезінде);

- Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.