Қазақстандықтар Республика күнін атап өтуде
Бүгін Қазақстанның егемендігі мен мемлекеттілігінің бастауы - Республика күні. Осыған орай көрші ел азаматары атаулы мерекені тойлап жатыр.
1990 жылдың 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен тарихи құжат – «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжатта ҚазКСР егемендігі жарияланып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде танылды.
Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, 25 қазан Республика күні мерекесі ретінде аталып өтіле бастады.
2022 жылғы 16 маусымда Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні тарихи мерекесін қайтаруды ұсынды және Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін беру туралы шешім қабылдады.
Осылайша 2022 жылдан бастап қазақстандықтар Республика күні мерекесін атап өтеді.