Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды
18:39 / 2021-05-02

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы ITF сериясындағы W60 Charlottesville турнирінің жеңімпазы атанды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің мәліметінше, доданың 1-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина аустралиялық Арина Родионовамен бірге жарыс барысында барлық кездесуінде де жеңіске жеткен.

Финалда қазақстандық-аустралиялық жұп жаңазеландиялық Эрин Рутлиф – индонезиялық Алдила Сутджиадимен бас жүлдені сарапқа салды. 

А.Данилина мен А.Родионова 1 сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта қарсыластарын 6:1, 6:3 есебімен ұтты.

Бұл – қазақстандық теннисшінің жұптық сындағы биылғы екінші табысы, делінген хабарда.