Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандық студенттер Өзбекстанда тәжірибе алмасады
12:45 / 2024-04-05

Астана қаласындағы «Maqsut Narikbayev University» (MNU) студенттері тарих пәнінен білімдерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған «Жібек жолының соқпақтары» жобасы негізінде Өзбекстанға экскурсияға келді.

Жобаның мақсаты – тәжірибе алмасу, студенттердің университетте алған теориялық білімдерін көне қалаларға экскурсия ұйымдастыру арқылы біліктілігін арттыру.

Қазақстан жастарының Өзбекстанға сапары Ташкент мемлекеттік заң университетінен басталды.

Студенттер Ташкент пен Самарқандтағы тарихи орындарды да тамашалайды. Олар өзбек пен қазақ халықтарының тарихынан сыр шертетін көне ғимараттарда ата-баба мұрасымен танысады.

MNU мен ТДУУ арасындағы келісім-шартқа сәйкес қос диплом бағдарламасы жүзеге асырылады және биылғы жылы алғашқы түлектер диплом алады. 

ӨзА