Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандық Олимпиада жүлдегері мемлекет беретін сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ
12:41 / 2021-08-14

Қазақстандық спортшы Нұрислам Санаев Токио-2020 Олимпиадасында жүлдегер атанғанына орай мемлекет тарапынан берілетін сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ.

«ҚазАқпарат» агенттігі спортшының желідегі парақшасында жариялаған жазбаға сілтеме жасап хабарлауда.

«Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім. Сол кездегі бала арман мені биік белестерге жетеледі. Ең алғаш спортқа қадам басқанда олимпиадада топ жарып, мұқтаж жандарға көмектесу арманым болатын. Бүгін де сол арманыма қол жеткізіп отырмын. Мемлекет тарапынан маған берілетін қомақты сыйақыны мен мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақпын. Елімізде бақытты отбасылардың саны көп болсын!», - деп жазды спортшы желіде.

Еске салсақ, Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды. Спортшыға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин пәтер кілтін табыс еткен.

Сонымен қатар, Нұрислам Санаевқа Токио-2020 Олимпиадасында жүлдегер атанғанына орай 31 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді және Президент тарапынан «Құрмет» орденімен награтталған.