Қазақстандық әнші Славян базары фестивалінің Гран-при иегері атанды
Витебсктегі Славян базары халықаралық өнер фестивалінде эстрада орындаушылары арасында Қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова Гран-при иегері атанды.
«Байқау нәтижесінде отандасымыз Рухия Байдүкенова Гран-при иегері атанып, «Алтын лира» мүсіншесімен бірге 20 мың АҚШ долларына ие болды. Бірінші орын мен Беларусь Президентінің «Славян үміті» арнайы номинациясын сербиялық Ирина Арсениевич алды. Ал Даниил Мышковц (20 жас, Беларусь) пен украиналық Рената Штифель екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар үздік үштікті словакиялық Иванна мен әзірбайжандық Тофик Гаджиев түйіндеді», делінген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі хабарында.
Халықаралық «Славян базары» өнер фестивалі 1992 жылдан бері өткізіліп келеді.