Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандық кәсіпкерлер Ферғанада ірі ауылшаруашылық көтерме-тарату орталығын салады
10:51 / 2021-06-29

Қазақстандық кәсіпкерлер Ферғанада ірі ауылшаруашылық көтерме-тарату орталығын салмақ. Ол үшін 30 миллион доллар салуға ниетті. Осы келісім арқылы облыста өсірілген ауылшаруашылық өнімдерін тікелей Қазақстан нарығына шығару көзделген.

Осы келісмге қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бастаған делегация 27 маусымда ресми сапармен Ферғана облысына келіп, облыс әкімшілігінде әкімнің бірінші орынбасары Авазбек Уринбаев кездесу өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Ферғана облысы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою, ауылшаруашылық өнімдерін өсірудің, сақтаудың, мұздатудың, кептірудің және ораудың жаңа әдістеріне арналған кешен құру, сондай-ақ тауар айналымын арттыру, бірыңғай сауда жүйесін құру сияқты мәселелерді жеделдету жөні талқыланды. 

«Біз мұнда мемлекеттік қызметкерлерден құралған үлкен делегациямен келдік. Арамызда кәсіпкерлер мен ірі сауда секторларының жетекшілері бар. Біздің кәсіпкерлердің Өзбекстанмен ынтымақтастығы бұрыннан жалғасып келеді, бірақ біз осы сапар барысында осы ынтымақтастық механизмін жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Сол себепті біз Өзбекстанда 3 ірі ауылшаруашылық өнімдерін көтерме сату орталықтарын құруға немесе қолданыстағы логистикалық орталықтармен серіктестікте жұмыс істеуге ниеттіміз. Бұл үшін біз шамамен 30 миллион доллар салуға дайынбыз. Осы логистикалық орталықтарды тез іске қосып, 2022 жылы жиналған өнімді тікелей Қазақстан нарығына жіберу жоспарымыз бар», - деген Бақыт Сұлтанов.