Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаев дүниеден өтті
16:45 / 2025-08-04

Қазақстандық ғарышкер-ұшқыш, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев 74 жасында өмірден озды.

Ақорда дерегінше, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасына көңіл айтып, ғарыш саласындағы оның өлшеусіз еңбегін ерекше атап өткен.

Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет – 1994, 1998 және 2001 жылдары ұшқан. Сондай-ақ ол ашық ғарышта 8 рет болып, жалпы 43 сағат 46 минут жұмыс атқарған.