Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандық фермерлер Ферғанада мақта-тоқыма кластерінің жұмысымен танысты
08:58 / 2023-07-26

Қазақстандық фермерлер мен аграрлық мамандар «Global Textile» мақта-тоқыма кластерінің озық агротехнологиялары және заманауи өндірістік кәсіпорындарымен танысу үшін Ферғана қаласында болды.

Инновациялық технологиялар мен әзірлемелерді енгізіп, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашқан жетекші тоқыма кәсіпорындарының бірі «Global Textile» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл Қазақстанның Түркістан облысында «Global Textile Turkestan» мақта-тоқыма кластерін құрды.

Қазақстаннан келген қонақтар алдымен «Global textile» мақта алқаптарын аралап, тамшылатып суару жүйесін, зиянкестермен күресуде биологиялық агенттерді қолдану процестерін және егіс алқаптарын ұйымдастыруда қолданылатын Планадо және егістік жұмыстарын тиімді бақылауда қолданылатын мүмкіндіктерімен Crop Monitoring бағдарламасымен танысты.

[gallery-12829]

Сондай-ақ олар мақтаны өсіру мен өңдеудің бүкіл процесін қамтитын «Global Textile» компаниясының аймақта жүзеге асырып жатқан екі ірі инвестициялық жобасы – «Fergana Global Textile» және «Global Textile Infinity» компанияларында болды. 

суреттерді түсірген Муқимжан ҚАДИРОВ, ӨзА