Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бехзод Мусаев сапармен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегациямен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар екі бауырлас елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, достық қатынастарды одан әрі дамыту шарттарын талқылады.
Б.Мұсаев қонақтарға Өзбекстанның эпидемиямен күрестің табысты әдістері туралы айта отырып, оған негізгілерден бірі Мемлекет басшысының бастамасымен Премьер-министрдің басшылығында Республикалық арнайы комиссияның құрылуы, дағдарыс қоры ашылып басқа да бірқатар шаралар ауруды бақылауда шешуші рөл атқарғандығын мәлімдеді.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Өзбекстанның пандемиямен күресудің сәтті тәсілі туралы хабардар екенін айтып, өз кезегінде Қазақстанның осы саладағы тәжірибесімен бөлісетіндігін жеткізді.
[gallery-1403]
Кездесу барысында көптеген сала бойынша ақпарат, биологиялық препараттардың алмасуы, вакцина өндірісі, сынақтан өту, жеткізілім, қызметке қойылатын талаптарды анықтау, фармацевтика саласын дамыту, медицинадағы жаңа заманауи тәсілдер, менеджментті енгізу сияқты маңызды және өзекті мәселелер қаралды.
Кездесуден кейін Премьер-Министрдің орынбасары Бехзод Мұсаев Қазақстандық делегация мүшелерін академик В.Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған хирургия ғылыми-практикалық медициналық орталығына бастады.