French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандық 70 компания Alibaba платформасына шығарылады
15:52 / 2023-05-22

Биыл Қазақстандық 70 компания Alibaba платформасына шығарылады.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлім еткен.

«Министрлік шағын және орта бизнес үшін электрондық коммерция нарығына қолжетімділікті жеңілдету үшін ынтымақтастыққа және бірлескен жұмысқа дайын. Біз олардың мол тәжірибесін пайдалана отырып, өз күш-жігерімізді қазақстандық кәсіпорындарды цифрлық нарыққа шығаруға бағыттаймыз. Экспорттаушыларды қаржылық емес қолдау құралдарының бірі - отандық экспорттаушыларды Alibaba.com электрондық платформасына шығару», - деген ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, 2020-2022 жылдары Alibaba платформасына 220 компания орналастырылған. Платформада орналасқан компаниялар үшін шағын сайттар құрылады және жүйеде жұмыс істеу және өз тауарларын жылжыту үшін оқыту вебинарлары өткізіледі.

«Аталған кезеңде бағдарламаға қатысушылардың жиынтық сату көлемі шамамен 225 млн АҚШ долларын құрады. Биыл біз алтын аккаунттар ұсын жұмысын жалғастырамыз және тағы 70 компания аталған мүмкіндікке ие болады», - деген Қайрат Төребаев.