Қазақстанның Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған өрттен 21 кенші қаза тапты.
Kazinform мәліметінше, 23 кенші әлі де жер астында қалып қойған.
Оқиға бүгін түнде Костенко атындағы шахтада өрт болып, 11 адам көз жұмған, әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға 18 адам жеткізілген.
Қайғылы жағдайға қатысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылып, сондай-ақ, «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылғаны айтылады хабарламада.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік желідегі парақшасында, апат кезінде шахтада 252 адам болған, жер бетіне 205 шахтер шығарылғанын жазған.