Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандағы президенттік сайлау: «Exit poll» нәтижесі жарияланды
23:45 / 2022-11-20

2022 жыл 20 қараша күні Қазақстанда кезектен тыс өткен президент сайлауының «Exit poll» нәтижесі жарияланды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, президент сайлауындағы сайлаушылардың 82,45 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты жақтап дауыс берген.

Сонымен, Exit-poll нәтижесі мынадай:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев —82,45%;
  • Мейрам Қажыкен —2,23 %;
  • Жигули Дайрабаев — 3,33%;
  • Қарақат Әбден — 2,54%;
  • Салтанат Тұрсынбекова — 2,08%;
  • Нұрлан Әуесбаев — 2,17%;
  • Бәріне қарсымын – 5,2%.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінде, жергілікті сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алған. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы деген сөз. Ал 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берген.