Қазақстандағы орман өрті оқшауланды
Қазақстанның Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғаны жарияланды.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша ТЖ вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын жариялады.
«Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады»,-делінген хабарламада.