Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандағы ЖОО-лар вакцина алған студенттерге жеңілдіктер ұсынуда
13:40 / 2021-07-01

Қазақстандағы ЖОО-лар вакцина алған студенттер арасында акциялар өткізіп түрлі жеңілдіктер ұсынуда.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, елдің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов студенттер мен педагогтердің денсаулығын қорғау үшін оларды вакцина алуға ынталандыру жөнінде тапсырма берген. 

Бүгінгі таңда елдегі 10 жоғары оқу орны бұрын вакциналанған және қазіргі уақытта екпе салдырған білім алушылар мен ұстаздар арасында акциялар өткізіп, бірқатар жеңілдік пен ұсыныстар жасап отыр. Олар қатарында:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті: 

  • 3 ай көлемінде студенттер үйінде тұруға жеңілдік
  • оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер үшін Ыстықкөлге жеңілдетілген жолдамалар
  • Қазақстанның көрікті жерлеріне туристік сапарлар
  • университет асханаларында студенттер мен қызметкерлерге 1 айға тегін тамақтану талоны
  • студенттерге «жол ақшаларын» қосымша төлеу
  • бағалы сыйлықтар
  • студенттер мен қызметкерлерге арналған ағылшын тілін оқыту сертификаттары
  • ағылшын тілі бойынша IELTS/TOEFL емтихандарына дайындалуға жеңілдік.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті: 

  • сауықтыру орталықтарына 50 тегін жолдама
  • Түркістан және Семей қалаларына тарихи орындарға тегін жолдамалар
  • студенттік спорт орталығына тегін абонементтер
  • қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге арналған тегін сертификаттар
  • ірі сауда орталықтарында тауарларды сатып алу үшін вакцинацияланған оқытушыларға 40 ақшалай сертификат

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Студенттер үшін: 

  • Түркістан мен Қазығұрттың киелі жерлеріне бір күндік автотур-экскурсия
  • университет лагеріндегі 3 күндік жазғы мектеп
  • вакцинацияланған студенттер арасында Shymkent BIKE-ден бір айлық абоненттік билеттердің ұтыс ойынын ұйымдастыру
  • 5 білім алушыға TOEFL емтиханын тегін тапсыру мүмкіндігі

Оқытушылары мен қызметкерлері үшін: 

  • Сарыағаштағы санаторлық-курорттық демалысқа 10 жолдама (ұтыс ойыны кездейсоқ сандарды генерациялау әдісімен ойнатылады)
  • 10 оқытушы мен қызметкер үішн TOEFL емтиханын тегін тапсыру мүмкіндігі
  • университеттің 8 оқытушысы мен қызметкері жатақханада 1 ай мерзімде (тамыз) тегін тұрады
  • 30 қызметкер мен оқытушыны ақшалай көтермелеу