Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаржыға 70-тен астам мектеп салынады
11:04 / 2023-03-08

Қазақстанда биыл сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тәркіленген қаражатқа мектеп салына бастайды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім еткен.

«Жемқорлардан тәркіленген қаржыға биыл елімізде 70-тен астам мектеп салынады. Бізде мектеп құжаттары мен тізімі бар. Жуырда мектеп құрылысына қаржы бөлінеді. Мектептер еліміздің барлық өңірінде салынады», - деген Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің нақтылауынша, жемқорлықтан жиналған қаржы жаңа мектептермен қатар құрылысы басталған мектептерге де жұмсалады.