Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда жемқорлар тізімін жариялайтын портал іске қосылды
10:02 / 2025-04-15

Қазақстандның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария порталды іске қосты.

KAZINFORM мәліметінше, портал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпаратты бір ресурста жүйелеуге арналған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралармен кез келген адам таныса алады. Сондай-ақ порталды пайдаланушылар өздерін қызықтыратын, онлайн тестілеу және сертификат алу мүмкіндігі бар оқу курстарын таба алады. Әлеуметтанулық зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. Сұрақнамадан өту мүмкіндігі көзделген. Оның нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды түзету және олардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын болады. Сондай-ақ мұнда Transparency International халықаралық ұйымының жыл сайынғы зерттеу нәтижелері және сыбайлас жемқорлықты жүйсіну индексіндегі Қазақстанның позициясы қолжетімді», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында, ресурс ішінде «Сыбайлас жемқорлық картограммасы» бар. Одан бөлек, жаңа порталда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, лайықты мінез-құлықты тәрбиелеуге және қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер орналастырылған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға да мүмкіндік бар.