Қазақстанда жеңілдетілген несиемен халыққа автокөлік беріле бастады
Қазақстанда жеңілдетілген автонесиемен ел тұрғындарына автокөлік беріле бастады.
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, 20 мамырда жеңілдетілген автонесиемен алғашқы клиентке көлік табысталған.
Ол Нұр-Сұлтан тұрғыны Бекзат Тілеген есеімді азамат. Бекзаттың мамандығы инженер. Ол 6,5 млн теңгеге (167 млн сум шамада) 4 пайызбен көлік алған.
Қазақстанда жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау 16 мамырда басталған болатын. Осы бағдарламаға қатысатын 4 банк таңдап алынған болып, олар қатарында «Халық банк», «Банк ЦентрКредит», «Форте банк» және Еуразиялық банк» бар.
Осыған дейін жеңілдетілген автонесие алуға ниет білдірген 4 290 азаматтың өтініші мақұлданған.