Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады
Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел үкіметіне экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажеттігін тапсырды.
KAZINFORM мәліметінше, бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдауында айтқан.
— Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы қажет. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет, — деген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.