Қазақстанда қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Жыл басынан бері қызылшаның 12 671 жағдайы тіркелді, оның ішінде 10 563 науқас - 14 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер – 354, ересектер – 1 754,
Kazinform хабарлауынша, 70 пайызы немесе 8 866 жағдай — вакцина алмаған балалар.
Оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен — 5 286, медициналық қарсы көрсетілім — 1 555, егу жасына жетпеу — 1 930, өзге себептер — 93.
Тағы 16 пайызы немесе 2 062 жағдай — белгісіз вакцинация мәртебесі бар адамдар саналады.
Қызылша елдің барлық өңірінде көптеп тіркеліп жатқанына орай, елде қызылшамен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл ден қою шаралары қабылданатыны айтылған.
«1 қарашада бас мемлекеттік санитар қызылшаға қарсы екпе науқанын бастау жөнінде арнайы қаулы шығарды.
Көрсетілген қаулыға сәйкес 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап — қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жасар балаларға қосымша жаппай иммундау жасалады», делінген хабарламада.