French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады
15:04 / 2022-05-24

Қазақстанда 2022/23 жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға өседі.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша бұл туралы елдің Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім еткен.

Вице-министрдің айтуынша, алдағы оқу жылынан бастап Қазақстан бойынша 133 мың студенттің шәкіртақысы өседі. 

«2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы ұлғаяды. Атап айтқанда, бакалавриат 20 пайызға артады. Яғни, 31 423 теңгеден 36 660 теңгеге өседі. Магистратура бойынша 15 пайызға артпақ. 76 950 теңгеден 86 987 теңгеге өседі. Сонымен қатар докторанттардың да шәкіртақысы 15 пайызға көбейеді. Қазір 172 500 теңге болса, жаңа оқу жылынан бастап 195 000 теңгеге артады.

Алдымызда студенттерді жазғы сессия күтіп тұр. Оқу орындары жазғы сынақты академиялық адалдық принциптеріне сәйкес өткізуі қажет. Сонымен қатар түлектердің дипломдарын уақытылы табыстаған жөн. Сол секілді, ЖОО оқу-әдістемелік құралдары мен нормативтік құжаттарға сай ЖОО-лар жаңа оқу жылына дайындықты 20 тамызға дейін қамтамасыз етуі тиіс», - деген Қуаныш Ерғалиев министрлікте өткен аппараттық жиналыста.