Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда Өзбекстан азаматтары мінген автобус апатқа ұшырады
15:53 / 2022-06-15

Қазақстанның Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Өзбекстан азаматтары мінген автобус апатқа ұшырады.

Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратына сілтеме жасап берген мәліметіне қарағанда оқиға 2022 жыл 15 маусымда сағат 06:45-те болған. 

Бүгін, 15 маусымда Қазақстан уақыты бойынша сағат 03:10-да Жамбыл облысының Жамбыл ауданы арқылы өтетін «Алматы-Ташкент» тас жолының 545 шақырымы Қазақстан Республикасының «Қызыл таң» ауылынан 7 км қашықтықта трикотаж бұйымдары тиелген жүк көлігінің жануы салдарынан автокөлік жолында кептеліс болғандығына орай сағат 03:40-та «Алматы-Ташкент» тас жолында келе жатқан жүк көлігі тас жолдағы кептеліс салдарынан 2 жолаушылар автобусы мен 1 жеңіл көлікпен соқтығысты. Соқтығыс салдарынан бұл көліктерде өрт шыққан.

Өртке оранған автобустардың бірінде Өзбекстан Республикасының 31 азаматы болған, олардың 3-уі орташа дәрежедегі жарақатпен Тараз қалалық медициналық орталығына жеткізілген. Қазір бұл азаматтарға білікті медициналық көмек көрсетілуде.

Айта кетерлігі, Қазақстан билігі апаттың салдарын тез арада жоюға және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге жақыннан көмек көрсетуде.

Осы жағдайға байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігімен ақпарат алмасу жалғасуда, делінген хабарламада.