Қазақстанның Шымкент қаласындағы Жұмабек Тәшенов атындағы университетте Өзбек тілі мен мәдениеті орталығы ашылды.
«Dunyo» агенттігінің хабарлауынша, бұл орталық Жұмабек Тәшенов атындағы университет пен Әндіжан мемлекеттік педагогикалық институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум негізінде құрылған.
Осынау оқу орнында «Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдері» бағдарламасы бойынша бакалавр және магистратура даярлануда.
Университеттің құрылғанына 25 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Өзбек тілі мен мәдениеті орталығының ашылу салтанаты өтті. Орталық Өзбекстанның ұлттық мәдениетін, әдебиетін және салт-дәстүрін кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Еске салар болсақ, жақында әлемдегі ең көне оқу және ғылыми мекемелердің бірі Оксфорд университетінде Өзбек тілі орталығы ашылды. Орталық 2024 жылдың қаңтарынан бастап алғашқы студенттерді қабылдайды.