Қазақстанда өзбек үлгісі негізінде піллә шаруашылығы дамып келеді
Жібек және жүн өнеркәсібін дамыту комитетінің төрағасы И.Ергашев «Қазақ жібегі» бірлестігінің төрағасы С.Бәкіров және Қазақстанның Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Н.Абдуразақовамен кездесті.
Өзбекстан тәжірибесі негізінде Қазақстанда піллә шаруашылығын дамыту қолға алынғаны белгілі.
Кездесуде осы ынтымақтастық қатынастарын дамытуға қатысты кейбір мәселелер талқыланды.


Атап айтқанда, биылғы жылдың көктемгі маусымында Әндіжан облысындағы «Жібек көшет» тұт кластері қазақстандық серіктестерге құны 2 миллион доллар болатын тұт көшеттерін жеткізуге уағдаластық жасалған.

Сондай-ақ, Өзбекстан ғалымдарын тұқым шаруашылығына тарту және ғылыми-теориялық тұрғыдан дамыту мәселелері талқыланды.
Гулназа Бабаева, ӨзА