French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда халық саны 20 миллионға жақындады
16:00 / 2023-07-17

2023 жылғы 1 маусымдағы дерекке сәйкес, Қазақстанда халық саны 19 млн 879 мың адам болды.

ҚазАқпарат мәліметінше, бұл туралы елдің ұлттық статистика бюросының хабарлады. Дерек бойынша, жалпы халықтың 61,9 пайызы немесе 1 2 297 100 адам - қалада, ал 38,14 пайызы немесе 7 581900 адам - ауылда тұрады.

2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға келгендер саны 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 91,8 пайызға артып, кеткендер саны 45 пайызға азайды.

Қазақстанда негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде.

ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі - 89,5 және тиісінше 72,1 пайызды құрады. 

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2,6 пайызға азайған.

Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (12 145 адам), Астана (11 424 адам) және Шымкент (571 адам) қалаларында.