Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді
13:10 / 2021-10-08

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетті вакцинацияның жұмысқа жіберу шарты ретінде бекітті.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» толықтырулар енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

Құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді. 

«Бұйрық бойынша коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін күндізгі режимдегі жұмысқа тек COVID-19-ға қарсы вакцина алған қызметкерлер жіберілетіні айтылған. Ал вакцина алмағандар ПТР тестілеудің теріс қорытындысы немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы, коронавиурспен ауырып жазылғанына 3 ай толмағаны туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана жұмысқа жіберілмек.

Соңғы дерекке сай қазірде Қазақстанның Нұр-Сұлтан мен Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары «Қызыл» аймақта тұр.

Coronavirus2020.kz сайтының дерегі бойынша, Қазақстанда өткен тәулікте 1896 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Ал 2804 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. 

Қазірде жалпы ел бойынша ауырғандар саны 900 121-ге жетіп, олардың 841 255 емделіп шыққан. Өлім саны 11 459 құрауда.