Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда Төтенше жағдай кезінде қайтыс болғандардың жалпы саны белгілі болды
20:51 / 2022-01-15

Қазақстан Республикасында енгізілген Төтенше жағдай кезінде қайтыс болғандардың жалпы саны белгілі болды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеген.

«Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды. Оның 4353-і жараланған. Оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қаза тапқан 225 адам жеткізілді», - деген Бас прокуратура өкілі.