Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерді татуластыру алынып тасталуы мүмкін
13:03 / 2021-07-26

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілмек. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлім етті.

«ҚазАқпарат» тілшісінің хабарлауынша, «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құқық қорғау органдары әкімшілік іс жүргізуді зардап шегушінің өтінішінсіз де іске асыра алады. Дегенмен отбасылық зорлық-зомбылық көрген әйел, яғни зардап шегуші, көп жағдайда күйеуіне психологиялық, қаржылық жағынан тәуелді болғандықтан мәселені ушықтырғысы келмей, татуласуға келісімін береді. Өткен жылы бізге еліміз бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанымын деп жазылған 190 мың өтініш келіп түсті. Соның 4/1 ғана сотқа дейінгі тергеуге жіберілді. Жалпы, зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік іс жүргізудің 60 пайызы екіжақтың татуласуына байланысты тоқтылады. Осы орайда біз тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған жағдайда екіжақтың татуласу процесін қайта қарауды қолға алып жатырмыз. Яғни, алдағы уақытта күйеуі тарапынан әйеліне қол көтеру қайталанған жағдайда, татуласуды болдырмау жоспарда бар», - деген Алексей Милюк ҚР ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.