Қазақстанда Түркияның АНКА дрондарын шығарылады
Қазақстанда Түркияның ANKA дрондарын құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету желісі ұйымдастырылады.
Елдің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, Анкарада «Kazakhstan Engineering» ҰК» АҚ мен «Turkish Aerospace» арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжаттық келісімге сәйкес, Қазақстанда «Kazakhstan Engineering» еншілес компаниясының базасында ANKA ұрмалы ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету желісі ұйымдастырылады.
Осылайша Қазақстан ANKA дрондары өндірісі жолға қойылған алғашқы шет ел болды, делінген хабарламада.