Қазақстанда тікұшақ апатты жағдайда қонып 4 адам көз жұмды
Батыс Қазақстан облысының аумағына шұғыл қонған тікұшақтағы 4 адам көз жұмды.
«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шеккен.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, бортта болған 6 адамның бесеуі - экипаж мүшелері, бірі - «ҚазТрансОйл» АҚ өкілі. Қаза болған 4 адамның барлығы - экипаж мүшелері, ТЖМ-ге қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкерлері, делінген хабарламада.
Руслан Иманқұловтың айтуынша тікұшақ Ресей Федерациясында өндірілген.