Қазақстанда Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды
Қазақстан басшысы Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жойды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды», делінген Ақорда сайтында.
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланған.
Бұған дейін 13 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң қабылданған болатын.