Қазақстанда сұйытылған газды сыртқа шығаруға салынған тыйым мерзімі ұзартылады
Қазақстанда сұйытылған газды сыртқа шығаруға салынған тыйым мерзімі тағы 6 айға ұзартылады.
KAZINFORM мәліметінше, елдің Энергетика министрлігі сұйытылған газды ел аумағынан сыртқа шығаруға салынған тыйымды тағы 6 айға ұзарту туралы бұйрық жобасын көпшілік талқылауына шығарды.
- Қазақстан Республикасының ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 14 қарашадан бастап алты ай мерзімге ел аумағынан әкетуге тыйым салады, - деп жазылған құжат сипаттамасында.
Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобильмен және теміржол көлігімен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынады.