Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда сұйытылған газ бағасы қымбаттайды
11:10 / 2023-11-20

Қазақстанда 2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге қымбаттайды.

Kazinform хабарлауынша, бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты.

«Бүгінде республикада айына 135 мың тонна сұйытылған мұнай газы өндіріледі. Тұтыну мұнан көп. Соған байланысты тапшылық туындайды. Автомобиль иелерінің көпшілігі сұйытылған мұнай газына ауысып жатқанын білеміз. Газ балонын орнату реттелмейді», - деген ол БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.

Оның атап өтуінше, өндіріс тұтыну көлемін қамтамасыз ете алмай отыр.

«Сондықтан да бірқатар шара қабылдадық. Теңізшевройлмен ішкі нарыққа ай сайын 10 мың тонна газ жеткізуге уағдаластық. 13 қарашада сұйытылған мұнай газының экспортына толық шектеу енгіздік. Казросгаз компаниясымен Орынбор мұнай өңдеу зауытынан сұйытылған мұнай газының қосымша көлемін бағыттау туралы келістік. Қазіргі уақытта тапшылық байқалмайды», - деген вице-министр.

Мұнан бөлек ол келесі жылдан газ бағасы көтерілетіндігін мәлімдеген.

«Энергетика министрлігі газ бағасын біртіндеп көтеруді көздейді. 2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге көтеріледі деп күтеміз. Одан кейін алдағы 3 жылдың ішінде газ бағасы әр 6 ай сайын қымбаттап отырмақ»,- деген Әлібек Жамауов.